Қазақстандық «Месси» Ресей чемпионаты жас ойыншыларының үздік ондығына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы маусымда өздерін көрсететін Ресей Премьер-Лигасының ТОП-10 жас ойыншылары белгілі болды. Бұл тізімге Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдаxмет кірді, деп xабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық «Месси» Ресей чемпионаты жас ойыншыларының үздік ондығына кірді

«Тағы бір қазақстандық "Месси" бар. Оның отандастары жас ойыншының болашағынан үлкен үміт күтуде. Ол бірінші құрамада ойнап жүр. Сейдаxмет былтыр қыста "Тараз" клубынан "Уфаға" ауысып, наурызда "Анжиға" қарсы ойнады. Еркебұлан 2000 жылы дүниеге келгендер арасынан Премьер-Лиганың алғашқы ойыншысы болды», - деп жазылған танымал «Спорт-Экспресс» сайтында.