Қазақстандық мөлшерді арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандық мөлшерді арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.Бұл туралы бүгін Ақордада дағдарысты еңсеру мәселесі бойынша өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

Қазақстандық мөлшерді арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстандық мөлшерді жоғарылату бойынша байқалған оң үрдісті айтып өткім келеді. Елімізде жұмыс істеп жатқан, оның ішінде мұнай, тау-кен және басқа да салалардағы ірі компанияларда қазақстандық мөлшердің кеңеюі тұрғысында нақты қадамдар орын алды. Бұл жұмыстарды жалғастыруымыз қажет. Өйткені біз осы жұмысты сәл босаңсыта бастаған кезде кейінге шегіну басталады», - деді Президент. Бұл әкімшілік шаралар екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, «яғни қазіргі қиын жағдайда біз бұны пайдаланудамыз. Компаниялардың өздері қызығушылық танытатын қызмет көрсету мен өнім шығаратын кәсіпорындарды құру керек. Индустрияландыру мен инновация бойынша қатар жүргізілетін жұмыс осыған бағытталып отыр», - деді.