Қазақстандық мотоциклші «Дакар-2009» раллиіне қатысады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Аргентинадағы Буэнос-Айрес қаласынан «Дакар-2009» ралли-рейді басталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. 30-шы рет жалауы көтерілетін бұл байрақты бәсеке биыл алғаш рет Оңтүстік Америкада өткелі отыр. «Дакар-2008» былтыр қауіпсіздік шараларына байланысты өткізілмей қалған болатын. Бұл жолы оған, ұйымдастырушылардың айтуынша, 500 экипаж қатыспақ. Олардың 217-сі мотоцикл, 25 квадроцикл, 177-сі жол талғамайтын жеңіл көліктер, 81-і жүк машиналары. Жарысқа Қазақстаннан мотоциклдің «эндуро» сыныбында Вадим Притулляк қатыспақ. Ал ресейлік мотоциклшілер бұл жарысқа қатыспайды. «Дакар» ралли-рейдіне 2007 жылғы соңғы жарыстың жеңімпаздары француз мотоциклшісі Сириль Депре мен отандасы автошабандоз Стефан Петрер MAN жүк көлігі экипажымен қатысады. Аргентина мен Чили аумақтары арқылы өтетін мотоцикл, жол талғамайтын жеңіл көліктер мен жүк көлігі сынағы 14 кезеңнен тұрады. Сапар қаңтардың 17-сінде Буэнос-Айресте мәреге жетеді деп жоспарланып отыр. Жарыс бойында сынға қатысушылар тек қаңтардың 10-ында - бір күн ғана тынығады.
Соңғы жаңалықтар