Қазақстандық музыканттар Түркиядағы «Шығыс пен батыстың кездесуі» фестивалінде зор қошеметке ие болды

ЫСТАМБҰЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық музыканттар «Шығыс пен Батыстың кездесуі» ІІІ халықаралық музыкалық фестивалінде көрермен ықыласына ие болды.
None
None

Симфониялық музыка фестивалі 30 қыркүйек пен 19 қазан аралығында Түркияда өтті. Оған әлемнің 11 елінен келген камералық оркестрлер, музыканттар мен солистер қатысты.

ҚР-ның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның атынан камералық оркестр мен солистер - Алматыдағы Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясынан Гүлнар Нұрғалиева (сопрано) және Ғалия Бисенғалиева (скрипка), Әмір Бисенғалиев (скрипка) өнер көрсетті.

Оркестр Вивальди, Сарасате, Мендельсон, А.Серкебаев және тағы басқа композиторлардың шығармаларын асқан шеберлікпен орындады. Қазақстандық әртістердің өнері Анкара тұрғындары мен фестиваль қонақтарының ыстық ықыласына ие болды.

Соңғы жаңалықтар