Қазақстандық мылқау спортшылар балалар командасы Словакияда жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық құлағы мүкіс есітетін және мылқау жасөспірімдер футбол командасы Словакияда футзалдан халықаралық турнирде бірінші орынды жеңіп алды.

Қазақстандық мылқау спортшылар балалар командасы Словакияда жеңімпаз атанды

Тартысты өткен күресте балалар жарыс финалындағы Словакия командасымен кездесуінде есеп 3:3 болғаннан кейінгі пенальти сериясында турнирдің алтынын жеңіп алды. Биылғы жылы чемпионатқа Польша, Әзербайжан, Словакия және Қазақстан командалары қатысты.

Мүкіс еститін және мылқау балалар оқитын алматылық №5 және №2 мектеп-интернаттарда 2009 жылы «Дара» қоры футбол командасын құрған болатын. Ол үшін арнайы №9 мектеп-интернатта футбол алаңы жасақталды, жұмысқа кәсіби жаттықтырушы, естуі бойынша мүгедек Асыл Ыбырайымов қабылданды. Өткен кезеңде команда футболды сүйетін қарапайым жасөспірімдер тобынан кәсіби командаға дейінгі үлкен жолдан өтіп, ұлттық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы дәрежесіне дейін көтерілді.

«Дара» қорынан хабарлағанындай, өткен жылы олар қазақстандық мүкіс еститін балалар командалары арасында республика чемпионы болды, бұдан кейін 2014 жылы шілдеде халықаралық турнирде 2 орынды еншіледі, енді міне биыл көптен күткен жарыстың алтын жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Турнирге баруға команданың үздік ойыншылары іріктелді, сондай-ақ Қарағанды мен Талдықорғаннан мүкіс еститіндер командаларынан екі үздік ойыншы қосылды.

Талдықорғандық ойыншы Қайрат Қаңтаров турнирдің үздік шабуылшысы атанды. Команданың бірнеше балаларының спорт шебері, басқаларының шеберлікке үміткер атақтары бар.

«Біз балалардың жеңісіне өте қуаныштымыз, өйткені бұл турнирдегі жеңіс қана емес, өздерінің қабілет-қарымының жеңісі! Өкінішке орай, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін спорт, әсіресе кәсіби спорт әлі де қол жетімді емес. Көптеген талантты балалар әлі де өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмай отыр. Біз осындай балаларға спорт өкілдері назар аударады деп ойлаймыз, мектептік секциялар жүйелі түрде мемлекет қолдауына ие болады деп сенеміз», - деді «Дара» қорының директоры Мәдина Бәкиева.

Биылғы жылы жобаға ҚР футбол федерациясы демеуші болды, сондай-ақ көптеген жылдар бойы командаға ирландтық суретші және фотосуретші Мэри О'Коннор қолдау көрсетіп келеді. Оның Орта Азиядағы өмір туралы "Head over Heals" және "Chai and Chat" фотоалбьбомдары сатылымдарынан түскен қаржының арқасында футболшылар бірнеше халықаралық турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Жеңімпаздар командасы Алматыға Мәскеуден 205-ші рейспен 14 шілдеде таңғы сағат 05:05-те ұшып келеді.