Қазақстандық нокаутшы Головкинмен бірге жаттығуы кезіндегі видеоны көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Али Ахмедов Instagram-дағы парақшасында Big Bear залындағы жаттығу видеосын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Еске салайық, Ахмедов отандық чемпион Геннадий Головинмен бірге Абель Санчестің қол астында жаттығып жатыр.
Ахмедов 8 тамызда Голливудта (Калифорния штаты) Hollywood Fight Nights 2 бокс кешіндегі бастыжекпе-жекте рингке шығады. Ол 33 жастағы жергілікті боксшы Хорхе Эскалантемен айқасады. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген.
Головкин 15 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен екінші рет айқасады.
Welcome to Big Bear! @gggboxing @ali_akhmedov_officialpage @murat_gassiev @bluechipboxer @elperroangulo12