Қазақстандық нокаутшылар Ақтөбеде титулдық жекпе-жектерін өткізеді
29 қыркүйек күні Ақтөбедегі «Жекпе-жек» спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оның ұйымдастырушылары - MTK Kazakhstan және Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниялары.
Кештің басты айқастарына қазақстандық Әли Балоев пен Еділ Қожамбердиев қатысады. Атап айтқанда, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Ә.Балоев (9-0, 7КО) WBC-тің ауыр салмақтағы Asia Inter-Continental титулы үшін жұдырықтасады. Сондай-ақ жығылып көрмеген Е.Қожамбердиев (8-2, 8КО) WBA-дің бірінші ауыр салмақтағы Asia East титулы үшін жекпе-жек өткізеді.
Бұдан бөлек, андеркартта қазақстандық өзге боксшыларымыз шығатын болады: жеңіл салмақта – Нұртас Әжбенов (6-0, 2КО), Қазақстанның ең жас профи-боксшысы, 17 жастағы Дастан Сәдуұлы (3-0, 3КО) және бірінші орта салмақтағы Әбілқайыр Шеғалиев (6-0, 4КО). Олардың қарсыластары кейінірек анықталады.
Айта кетейік, MTK Kazakhstanәлемге белгілі MTK Global менеджерлік компаниясының – ресми филиалы. MTK Global Тайсон Фьюри, Билли Джо Сондерс, Лиам Смит және басқа да танымал боксшылардың рингтегі ісін жүргізеді. ⠀