Қазақстандық офицерлер Бейжіңдегі оқ ату жарысында жеңімпаз атанды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дағы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери атташе аппаратының офицерлері Бейжіңде өткен автоматты қарудан оқ ату бойынша халықаралық жарыстан екінші жалпыкомандалық орынды иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.
None
None

Жарысқа Бейжіңде аккредиттелген 60 елдің әскери дипломаттары қатысты. Қазақстандық офицерлер - аға лейтенант Тимур Әбілдаев пен Роман Шинкарук - М-4 автоматты винтовкасымен оқ ату бойынша барлығы 100 ұпайдан 96 балл жинап, екінші орынды қанжығасына байлады. 

Жарыстың жеңімпаздары - Венесуэладан келген команда да 96 ұпай жинаған, алайда олар оқтың шоғырланып тию көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды 95 балл жинаған үндістандық команда алды.

ҚХР-дағы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери атташе аппаратының офицерлері бұл жеңісті Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арнады.

Еске салайық, 5 мамыр күні Қытай астанасындағы «Marriott» қонақ үйінің бас банкет залында ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған қабылдау рәсімі болып өтті. 

Соңғы жаңалықтар