Қазақстандық оқушы ағылшын ғалымы Стивен Хокингпен кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Церебральді салдану дертіне байланысты арбаға таңылған тараздық 14жасар Исак Мустопуло біраздан бері ағылшын ғалымы Стивен Хокингтің еңбектерін оқып, шабыттанған. Қазіргі кезде оның аталған ғалыммен кездесуін ұйымдастыру шарасы іске асырылмақ.

И. Мустопуло «Үйлесімділік теориясын» ойлап тауып, оқушылар арасында өтетін Ұлттық инновациялық жобалар конкурсының арнайы сыйлығына ие болды.

Ол өзінің арманы жайында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке айтқан болатын.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Технологиялық даму жөніндегі агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов Исаак үшін Ұлыбританияға арнайы сапарды ұйымдастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
«Бұл аталым бойынша бізде жеке сапар қарастырылмаған болатын. Алайда, біз осы мәселені пысықтап жатырмыз. Британдық кеңес Исаакты күтіп алатындықтарын айтты. Стивен Хокинг егде жастағы адам екені және шетелдік сапарлары көп екені белгілі. Оның командасы біздің ұсынысымызға қызығушылық білдіріп, кездесу өткізуге, талқылауға келісті. Сондықтан да британдық ғылым мұражайына, Кембриджге сапарлауды жоспарладық. Жақында Исаак Ұлыбританияға сапарлайды деп күтіп отырмыз»,-деді Ж. Сәлімов.
И.Мустопуло «Үйлесімділік теориясы» жобасы аясында ғарыш кемелері пайдаланатын жаңа қуат көзін табуды мақсат етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар