Қазақстандық оқушы қыз Бразилияда өткен әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда мектеп оқушылары арасында шахматтан өткен әлем чемпионаты аяқталды. Онда қазақстандық жас шахматшылар үлкен нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды sports.kz.

Қазақстандық оқушы қыз Бразилияда өткен әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

Атап айтқанда, Меруерт Камалиденова U9 Girls санатында үшінші орынды иеленді. Ал Бибісара Асаубаева U11 Оpen санатында 6-шы орынды иеленіп, блиц турнир жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Әлім Тоғызбай U7 Open санатында 5-ші орын алды. Арыстанбек Оразаев U17 Open санатында 4-ші орынға қол жеткізді. Ал Әбілмансұр Аңсат U9 Open санатында 7-ші орынды еншіледі. Болатбек Мыңбаев болса, U15 Open санатында 5-ші орын алды.