Қазақстандық оқушылар химия пәнінен 44-ші Халықаралық олимпиадада 1 «алтын, 2 «күміс», 1 «қола» еншіледі

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вашингтон қаласында үстіміздегі жылдың 21-30 шілдесі аралығында химия пәнінен 44-ші Халықаралық олимпиада жарысы өтті.
None
None

Олимпиадаға 78 мемлекеттен оқушылар командасы, соның ішінде бақылаушы 3 мемлекет қатысты.

Химия пәнінен Халықаралық олимпиада жыл сайын 1968 жылдан бастап өткізіліп келеді. Олимпиадаға 15 жастан жоғары оқушылар қатыса алады. Әр мемлекеттен 4 оқушының қатысуға мүмкіндігі бар. Олар өз білімдерін теориялық және тәжірибелік кезеңдерде көрсетуі тиіс.

44-ші Халықаралық олимпиаданың жабылу салтанаты Джорджтаун университетінің базасында өтті.

Теориялық және эксперименттік кезеңдердің қорытындысы бойынша  Қазақстанның құрама командасы төмендегі  жетістіктерге кол жеткізді:

Әшім Қайрат  - Жамбыл облысының қазақ-түрік лицейінің оқушысы - алтын медаль;

Должников Владимир - Петропавл қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «ЛОРД» мектебінің оқушысы - күміс медаль;

Аманжолов Әзім - Астана қаласының қазақ-түрік лицейінің оқушысы - күміс медаль;

Қамысбаев Владислав -  Алматы қаласының дарынды балаларға арналған №134 лицейінің оқушысы - қола медаль.

 

Соңғы жаңалықтар