Қазақстандық оқушылар математика пәні бойынша өткен Батыс Қытай олимпиадасында 3 алтын, 4 күміс және бір қола жүлдеге ие болды
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 27 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Қытай Халық Республикасының Юшан қаласында XI Батыс Қытай математикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға Қытай, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Филиппин, Сингапур және Қазақстаннан барған 25-тен астам команда қатысты.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» орталығының баспасөз хабарламасында айтылған.
Қазақстан құрамасында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 8 оқушысы бар. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда 3 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды:
1) Әкежан Аманкелді (Астана қаласы, дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің 10 сынып оқушысы)- алтын медаль;
2) Ернияз Нұрғабылов (Талдықорған қаласындағы ғылыми-зияткерлік мектептің 11 сынып оқушысы )- алтын медаль;
3) Темірлан Измаилов (Алматы қаласындағы №134 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы)- алтын медаль;
4) Сәкен Ілиясов (Алматы қаласындағы №134 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы) - күміс медаль;
5) Сәкен Душаев ( республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы) - күміс медаль;
6) Мұхит Дауырхан (республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы)- күміс медаль;
7) Әлібек Сайланбаев (республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы) - күміс медаль;
8) Темірлан Сейілов (республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы) - қола медаль.
Балалардың ғылыми жетекшісі - физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алгебра және геометрия кафедрасының доценті Ержан Рахметоллаұлы Байсалов.