Қазақстандық оқушының Siri қосымшасымен есеп шығаруы көпшіліктің наразылығын тудырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушының ұялы телефон арқылы Siri қосымшасымен есеп шығарып отырғаны интернет қолданушылардың назарына ілінді.

Қазақстандық оқушының Siri қосымшасымен есеп шығаруы көпшіліктің наразылығын тудырды

Есепті оңай шығарып отырған оқушы туралы бейнетүсірілімді бір тәулік ішінде 120 мыңнан астам адам көріп, пікір айтты.

«Математика Сиримен бірге қиын емес», деп аталатын бейне Инстаграм әлеуметтік желісінде жарықа көрді.

Интернет қолданушылардың дені оқушылардың есепті осылай оңай жолмен шешуіне қарсылық білдірді.

Пікір қалдырушылардың бірі оқушы қыз мұны әзіл үшін түсіргенін айтты.

Еске сала кетейік, Siri (Speech Interpretation and Recognition Interface) iOS негізіндегі телефондарға арналған сұрақ-жауап жүйесі. 

Siri Can Help You With Math 😂😂😂 Математика Не Так Уж И Сложна С Сири😂😂😂 #instavideo_kaz

Видео опубликовано instavideo_kaz 🔱 (@instavideo_kaz) Ноя 6 2016 в 3:50 PST