Қазақстандық олимпиадашылар формасынан ақау шығуына байланысты қызметтік тексеру жүргізілуде - А.Крючков
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Лондондағы ХХХ жазғы олимпиада ойындарындағы қазақ елі спортшыларының жетістігіне арналған баспасөз мәлсихаты өтті.
Шара барысында ҚР Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігі Ұлттық команда және спорттық резерв штабы директорының міндетін атқарушы Алексей Крючков қазақстандық олимпиадашылар формасынан ақау шығуына байланысты түсінік берді.
«Олимпиадалық құрама мүшелер киімдерінің жиынтығына көптеген киім кіреді. Сондықтан да әртүрлі жеткізушіге және өндірушіге тапсырыс берілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Біздің делегация формасынан шыққан ақау бірен-саран ғана», - деді ол.
Дегенмен оның атап өтуінше, спортшыларға арналған киімдерді агенттік қызметкерлері қабылдап алған. «300-ден астам киім жиынтығы ережеге сәйкес қаптамада болған және олардың арасынан бірнеше киім үлгісі ашылып тексерілді. Ол кезде ешқандай ақау болған жоқ», - деп атап өткен А.Крючков кінәлілер табылып, жауапкершілікке тартылатындығын баса айтты.