Қазақстандық өндірушілер халықтың негізгі азық-түліктерге қажеттілігін 95%-ға қамтиды - Г.Исаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық өндірушілер халықтың негізгі азық-түліктерге қажеттілігін 95%-ға қамтиды, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Қазақстандық өндірушілер халықтың негізгі азық-түліктерге қажеттілігін 95%-ға қамтиды - Г.Исаева

«Негізгі азық-түліктер бойынша тұтынуды қамтып отырмыз. Негізгі азық-түлік түрлері бойынша 95-96%», - деді Г.Исаева бүгін «Халық маркасы» қазақстандық тауарлардың ірі сауда-көрме павильонында өткен баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, бірнеше азық-түлік түрлері бойынша, оның ішінде алмалар бойынша нақты бір импортқа тәуелділік бар.

«Қазақстанда алма өсіруді арттыру мақстаныда қазір бақтарды қарқынды дамыту бойынша бағдарламаны бастадық. Қант бойынша субсидиялап отырмыз. Бізде қант қызылшасын өсіріп, оны өңдеумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін шығындарды субсидиялау бағдарламасы бар. Сондай-ақ, ірімшік пен сары май бойынша да. Бізде балық бойынша импортқа тәуелділік бар. Қазіргі таңда біз балық шаруашылығы бойынша шеберлік жоспарының бірінші кезеңдерін жүзеге асыра бастадық, онда біз жасанды жағдайларда, көлдерде, өзендерде балық өсіру көлемін арттырмақпыз», - деп мәлімдеді ол.