Қазақстандық өндірушілер Иранға өз өнімдерін ұсынады
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші жартысында қазақстандық өндірушілер Иранға өз өнімдерін ұсынып, әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізе алады. Бұл туралы «KAZNEX INVEST» ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Отандық компаниялардың иран бағытында бизнесті дамытуға жоғары қызығушылық танытатынын ескеріп, «KAZNEX INVEST» АҚ Тегеран қаласында сауда миссиясын өткізуді жоспарлайды», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Екі жақты сауда қатынасын жандандыру шешімін Иран үкіметі де қолдап отыр.
2012 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы сыртқы сауда айналымы 656 млн. доллар АҚШ долларын құрады. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 40 пайызға төмен. Осы кезеңде Қазақстаннан экспорт та 600 млн. АҚШ долларынан сәл асып, дәл осындай 44 пайызға төмендеген, 2013 жылғы 9 айда екі ел арасындағы тауар айналым 387 млн. АҚШ долларына жеткен.