Қазақстандық өнерпаздар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер фестивалінде өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңнің «Poly Theater» театрында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Халықаралық өнер фестивалі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазақстандық өнерпаздар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер фестивалінде өнер көрсетеді

ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан және Қырғызстан елдерінің шығармашылық ұжымдары қатысып жатыр.

Фестиваль аясында халық әндерінің концерті, ұлттық билердің гала концерті және мәдени мұра фотокөрмесі өтеді. Қазақстан атынан барған «Астана Балет» театры «Арулар» хореографиялық миниатюрасын қояды.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Халықаралық өнер фестивалі көпжақты гуманитарлық байланыстар мен ынтымақтастықты одан ары дамыту мақсатында ұйымдастырылды.