Қазақстандық орындаушы Азат Дауыл «Алтын дала дауыстары - 2013» фестиваль-байқауының жеңімпазы атанды
АСТРАХАН. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астраханда өткен 4-ші халықаралық этнографиялық «Алтын дала дауыстары - 2013» фестиваль-байқауында Қазақстан намысын қорғаған Азат Дауыл «Этникалық ұлттық аспаптағы жеке орындау» аталымында үздік атанды.
«Фестивальде Ресейдің 11 аймағынан, Украина, Қазақстан, Әзірбайжаннан 15 ұжым мен 30 орындаушы өздерінің ұлттық өнерін таныстырды» - деді ҚазАқпарат тілшісіне Астрахань облысының мәдениет министрлігінен.