20:14, 22 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстандық палуан Қытайдағы «Grand Prix» жарысында күміс иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда өткізілген «Grand Prix» жарысында 100 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошы Максим Раков екінші орын алды.

Ақтық бәсекеге дейін ол өз қарсыластарын толықтай жеңіп, финалда Моңғолия палуаны Найдан Тувшинбаярмен кездесті. Тартысты өткен кездесуде Максим ескертулер саны бойынша қарсыласына есе жіберіп алды. Сонымен қатар 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Айтуар Абдуллов бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясынан. Осымен Қытайдағы жарыс мәресіне жетті, кезекті турнир Кореяда келесі аптада өткізілетін болады.