23:27, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
Қазақстандық палуан Расул Қалиев еркін күрестен Азия чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық палуан Расул Қалиев еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келі салмақтағы Расул финалда Монғолия палуаны Дамдирбазар Сонгбахтырмен кездесті. Екеуі де жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері. Шиеленіске толы белдесу қазақстандықтың пайдасына шешілді. Есеп - 10:4.
Еске сала кетсек, Азия чемпионаты Астанада бүгін, 23 сәуірде басталды. Бес күн бойы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 24 медаль жиынтығы сарапқа салынады.