Қазақстандық палуан Тегерандағы турнирде топ жарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық палуан Расул Калиев еркін күрестен Тегеранда өткен Takhti Cup турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің алғашқы күні төрт салмақ бойынша медальдар сарапқа салынды. Ең жеңіл, 57 келі салмақта белдескен қазақстандық Расул Калиев ақтық сайысқа дейін жетті. Алайда, бас жүлде үшін айқаста ол ҚХДР палуаны Йон Хак Джинге есе жіберіп алды.
Ал, 65 салмақты сайысқа түскен отандасымыз Дәурен Жұмағазиев қола медальді місе тұтты. Бұл салмақтағы чемпиондық атақты грузин палуанынан айласын асыра білген ирандық Мейсам Насири еншіледі. 74 келі салмақта төрт бірдей отандасымыз сайысқа түсті. Олардың арасында Лондон Олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров та бар. Өкінішке орай, бұл жолы бағы жанбады. Бір қуанарлығы, оның орнына қазақстандық Цотн Барамидзе жүлдегер атанды.