Қазақстандық палуандар АҚШ-та өткен турнирде бірінші орынды олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық грек-рим күресінің өкілдері АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен «Дейв Шульцтің мемориалы» атты XVI халықаралық турнирде жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Қазақстанның Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлайды.

Қазақстандық палуандар АҚШ-та өткен турнирде бірінші орынды олжалады

Федерацияның мәліметінше, 13 палуаннан құралған біздің команданың мүшелері 7 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен. Таңат Сағындықов бастап барған команда өз қоржынына 2 күміс, 2 қола медаль салған.

59 келі салмақтағы палуанымыз Мейрамбек Айнағұлов Жапония, АҚШ, Қытай спортшыларынан басым түсіп, финалдық жолдамаға арналған жекпе-жекте ғана тізе бүккен. Ал 71 келі салмақтағы Асхат Жаңбыров қола жүлде иеленсе, 80 келі салмақтағы Азамат Күстібаев күміс медальді қанжығасына байлады.

98 келідегі Ерұлан Ысқақов болса, финалда қытайлық Ди Ксиаоға жол беріп, ол да күміс жүлде иегері атанды. Ал Илья Насточенко қола жүлдені еншіледі.