Қазақстандық палуандар Азия чемпионатының алғашқы күні 1 күміс, 3 қола алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 маусымда Үндістанның Нью-Дели қаласында күрестен кадеттер арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарланған спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының сайтында.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржынына 4 медаль түсті. 38 келі салмақта күміс жүлдеге Лаура Алмағанбетова ие болса, қола жүлдені еркін күресші Қуаныш Қарабек (85 кг) және "классиктер" Нұрбақыт Әзілхан (42 кг) мен Марлан Мұқашев (50 кг) иеленді. Жарыс 14 маусымда аяқталатын болады.