Қазақстандық палуандар еркін күрестен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

БІШКЕК. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғыз батыры Қожамқұлға арналған еркін күрестен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық палуандар 96 киләға және 120 киләға дейінгі салмақ санаттарында табысты өнер көрсетті. Алғашқылардың бірі болып Абай Қарбай өз қарсыластарын жеңсе, екінші болып Андрей Сватковский олжалы оралды. 74 киләға дейінгі салмақта Әсет Дүкенбаев қазақстандықтардың қоржынына «күміс» салды.Жексенбі күні аяқталған мемориалдық турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан палуандары қатысты.
Соңғы жаңалықтар