Қазақстандық палуандар Түркияда өтіп жатқан халықаралық турнирде бес медаль еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Измирде XIX «Махмут Аталай және Яшар Еркан» халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды«Kazakhstan Wrestling Online» в ВКонтакте тобы.
None
None

Бұл бәсекеде еркін күрестен жасөспірімдер арасында қазақстандық палуандар бес медаль олжалады, деп жазады sports.kz.

58 салмақ дәрежесінде Әділ Оспанов ешкімді шақ келтірмеді. Ақтық белдесуде ол кілем иесін тізе бүктірді. Сондай-ақ осы салмақта Шыңғысхан Мұхамедалиев қола еншіледі. Ал 46 келіде біздің есебімізде үш медаль бар: «алтын» - Акбар Кұрбанов, қола - Нұрымбет Атабекұлы және Исламбек Хаджимат.

Соңғы жаңалықтар