Қазақстандық паракаратэшілер Италияда әлем чемпионда жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-30 қазан аралығында Бергамо қаласында (Италия) паракаратэден әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан намысын Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджанов қорғады. Спортшылар «Ката» бойынша сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ләззат Жүсіпова көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында 1-орынды жеңіп алса, Дидар Мұхамеджанов тірек-қозғалыс аппараты бұзылған спортшылар арасында үздік атанды», - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің Мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығынан.