Қазақстандық паралимпиадашылар IBSA Бүкіләлемдік ойындарына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBSA (Зағип жандарға арналған халықаралық спорт федерациясы) зағиптар мен нашар еститін жандарға арналған Сеулде өтетін Бүкіләлемдік ойындар - есеп бойынша бесінші жарыс.
Бұл бәсекелер төрт жылда бір рет ұйымдастырылады. 2015 жылғы 8-18 мамыр аралығында өтетін IBSA Бүкіләлемдік ойындарында келесі спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі: жеңіл атлетика, шахмат, футбол, голбол, дзюдо, пауэрлифтинг, шоудаун, жүзу, жұптасқан веложарыс және боулинг.
Қазақстанның жиырма екі адамнан құралған паралимпиядалық құрамасы спорттың төрт түрі: жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо және шахмат жарыстарына қатыспақ.
Жүзу: Ыбрашев Мансұрбек, Есіркепов Бекжан, Ахметов Әнуар, Уақпаев Әлібек.
Шахмат: Әлімханов Әбдурәшид, Бибиков Юрий.
Жеңіл атлетика: Нұрлыбаев Мақжан, Ыбрайым Ерлан (гид), Гебертаев Бислан, Сәлімов Ислам. Жаттықтырушылар: Асулова Сәния, Төлегенов Бердіғали, Мощеев Юрий, Оничко Геннадий, Нүсіпбаев Мейірбек.
ҚР Ұлттық паралимпиядалық комитетінің бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» АҚ.