Қазақстандық паралимпиадашылар жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысу үшін Францияға аттанды

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әуежайынан ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің спортшылары жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысу үшін аттанды.
None
None

Біздің құрамада мына спортшылар бар:

Байдолдаева Айнұр (100м.-ге, 200 м.-ге жүгіру)

Тайжанова Айнұр (ұзындыққа секіру)

Қалқаев Аманат (ұзындыққа секіру)

Харламов Сергей (100м.-ге жүгіру, ұзындыққа секіру)

Мансұрбаев Равиль (ядро лақтыру, диск лақтыру, найза лақтыру)

Нарыбеков Дәуренбай (найза лақтыру)

Сәлімов Ислам (400м.-ге жүгіру, ұзындыққа секіру)

Сидорчук Павел (ядро лақтыру, найза лақтыру)

Чемпионат 2013 жылғы 14-30 шілде күндері Лион қаласында (Франция) өтеді. Чемпионатқа 140 елден барлығы 1 300-ден астам спортшы қатысады.

Ашылу салтанаты 19 шілдеге белгіленген. Біздің спортшыларымыздың табыстары туралы sk-sport.kz сайтынан білуге болады.

Ұлттық паралимпиада комитетінің бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» АҚ.

Соңғы жаңалықтар