Қазақстандық парашютші әйел секірген сәтінде есінен танған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанның тергеу органдары Қазақстанның 38 жастағы тумасы Евгения Кукетаның қаза болуының мән-жайларын тергеп жатыр.
«Мензелинск» аэроклубында парашютпен кезекті секіруін орындаған әйел кенеттен есінен танып, жерге жақындағанда өз-өзіне келді. Жерге арқасымен құлап, ауыр жарақаттар алған Евгения ауруханаға жеткізілді, бірақ арада бір күн өткен соң көз жұмды, деп хабарлайды Lifenews.