Қазақстандық параспортшы Мексикада 4 алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парапауэрлифтер Ерболат Кәрібай «Гвадалахара-2022» халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. .

Қазақстандық параспортшы Мексикада 4 алтын медаль жеңіп алды

Дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметіне сенсек, 9-12 желтоқсан аралығында Мексикада парапауэрлифтингтен «Гвадалахара-2022» халықаралық турнирі өткен.

Жарысқа 15 мемлекеттен 120-дан астам спортшы қатысты.

Турнирде қазақстандық Ерболат Кәрібай -49 кг салмақта ересектер арасында, сонымен қатар жастар және ересектер арасындағы «тотал» санатында сәтті өнер көрсетіп, 4 алтын медаль жеңіп алды.


Фото: csp-parasport.kz