00:15, 08 Ақпан 2019 | GMT +5
Қазақстандық параспортшы таэквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандасымыз Нұрлан Домбай паратаэквондодан Түркияда өткен Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5-6 ақпан күндері Түркияның Анталия қаласында паратаэквондодан Әлем чемпионаты өтті. 75 келіге дейінгі салмақ санатында Нұрлан Домбай (44 келі) алтын медаль иеленіп, екі мәрте әлем чемпионы атанды», - деп жазылған Ұлттық паралимпиада комитетінің Фейсбук парақшасында.
Одан бөлек, ел қоржынын павлодарлық Карэн Овсепян қола медальмен толықтырды.