Қазақстандық параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вилли-Реал-де-Санто-Антонио (Португалия) қаласында IWAS-2022 Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Жарысқа 34 елден 500 спортшы қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды

Қазақстан атынан спорттың үш түрінен: паражеңіл атлетика, паражүзу және парапауэрлифтингтен 27 спортшы қатысты. Нәтижесінде параспортшыларымыз жарыста 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.
IWAS ойындары – бұл мүгедектер арбасына таңылған және ампутация жасалған жандарға арналған халықаралық спорт. Дүниежүзілік ойындар әр екі жыл сайын өтеді. IWAS ұйымына 73 мемлекет кіреді.