Қазақстандық пауэрлифтингшілер Азия чемпионында 3 күміс медаль олжалады

АЛМАТЫ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық спортшылар қазанның 18-25-і күндері мүгедектер арасында пауэрлифтингтен Малайзияның Куала-Лумпур қаласында жалауын түсірген  Азия чемпионатында 3 күміс медаль олжалады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Бұл байрақты бәсекеге Қазақстаннан 7 спортшы қатысқан болатын. Олардың арасынан  75 киләда Ләззат Сәлімжанова (Алматы облысы) мен  Владимир Черепанов (Павлодар облысы) және 60 киләда  Айбек Әбжан (Қызылорда облысы) Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Л.Сәлімжанова Бейжіңде жазғы Параолимпиада ойындарының қатысушысы болса, В. Черепанов 2007 жылғы Азия чемпионы. Ал А. Әбжаның бұл ең алғашқы   Азия чемпионаты  болып отыр. Ел құрамасы  Алматы әуежайына  ертең Абу-Даби рейсімен  оралады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар