Қазақстандық Павел Колмаков фристайлдан әлем чемпионатының қола жүлдесін ұтып алды
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Фристайлдан Италияның Валмаленко қаласында өтіп жатқан жасөпірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Павел Колмаков могульдың қоссайысы бойынша қола жүлдеге ие болды. Алтын мен күміс америкалық Томас Роулей мен швециялық Людвиг Фьяллстремге бұйырды.
Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарлады.