Қазақстандық полиция туралы фильм түсіріледі
Кездесу барысында тараптар ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы жобалар төңірегінде пікір алмасып, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Болашақта түсірілетін фильм ел қауіпсіздігі үшін басын қатерге тігіп жүргендер мен тәуелсіз еліміздің полициясының абыройын көтеруге, жағымды имиджін қалыптастыруға арналмақ.
Өз кезегінде «Қазақфильм» басшысы Ақан Сатаев қазақстандық полиция имиджін көтеруге кино мамандарының да мүдделі екенін жеткізді.
Кездесуде болашақта академияда білім алып жүрген курсанттардың өмірінен, қызметте ерлік көрсеткендер, сондай-ақ курсант тыңдаушылардың өмірінен комедия жанрында фильмдер түсіру туралы әңгіме өрбіді.
«Бізде қоғамда полиция жұмысын жағымсыз жағынан көрсету тенденциясы басым болып тұр. Ал, шындығында күн сайын тәртіп сақшылары өмірлерін қатерге тігіп, ерлік көрсетіп жатады. Табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұрып, ақтүтек боранда жүргізушілерді аман алып шыққан инспектордың ерлігін осы қыста күллі жұрт естіді. Сол секілді ерлік жасаған бірқатар полицейлердің бәрін де ел біліп жатқан жоқ. Осының барлығы кино шеберлерінің қолымен көрерменге жетсе», - дейді А. Сайтбеков.
Жүздесу нәтижесіне сәйкес, полиция қызметінде оң имидж танытатын жобалар жанры анықталып, қаржы көздері қарастырылатын болды.
Асылжан Мұхтар