Қазақстандық промоутер Ислам-Гонсалес айқасына болжам жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (23-0-0, 19КО) 27 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеспен (23-8-0, 13 КО) жұдырықтасады, деп жазды Sports.kz.
Бұл айқасқа танымал қазақстандық промоутер Болат Манкенов болжам жасады. «Қанат өзінің қарсыласына қарағанда әлдеқайда мықтырақ. Сондықтан, оқыс ештеңе болмаса, мәселен, қолын жарақаттап алмаса, ол жеңуі тиіс», - деді Манкенов.
Ислам - Гонсалес жекпе-жегі Астана уақытымен сенбі күні таңертең өтеді, оны «Kazsport» телеарнасы сағат 06:00-де тікелей эфирден көрсетеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі қазақстандықтың жеңісіне көп ұпай беруде: Исламның жеңісіне - 1.17, тең ойын - 30, Гонсалестің жеңісіне - 5.35.