Қазақстандық регбишілер Азия чемпионатының финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Регбиден үшінші дивизиондағы Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Жартылай финалда отандастарымыз Моңғолия командасынан 55:6 есебімен басым түсті. Ал финалға шығу үшін болған өзге матчта Пәкістан құрамасы Қырғызстан командасын 82:0 есебімен ойсырата жеңді
Енді 19 мамырда қазақстандықтар мен пәкістандықтар екінші дивизионға жолдама алу үшін бақ таластырады.
Айта кетсек, регбиден Азия чемпионаты ҚР Тұңғыш Президенті қорының спорттық-жаттықтру кешені аумағында өтіп жатыр.