Қазақстандық-ресейлік жұп Португалиядағы Estoril Open халықаралық теннис турнирінің финалына шықты

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Ресейлік Алиса Клебановамен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Португалиядағы Estoril Open халықаралық турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық-ресейлік жұп Португалиядағы Estoril Open халықаралық теннис турнирінің финалына шықты

Бұл туралы ҚР Теннис федерациясынан хабарлады.

Галина Воскобоева мамыр айында Алиса Клебановамен бірге жартылай финалдық матчта американдық жұп Рагул Копс-Джонс пен Абигэйл Спирсті 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Ақтық ойында олар Мерван Джугич-Салкис (Босния мен Герцеговина) мен Дария Джурак (Хорватия) және Элен Данилиди (Мысыр) мен Михаэль Крайчек (Нидерланд) жұптарының жеңімпазымен кездесетін болады.

Айта кетейік, жартылай финалдық матчқа дейін қазақстандық-ресейлік жұп германиялық жұп Жасмин Воэр/ Кристина Барросты екі сетте 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Сейсенбі күні бірінші кезеңде Воскобоева мен Клебанова Ипек Синоглу (Турция) мен Селим Сфардың (Тунис) жұбынан үш сетте 6:0, 0:6, 11:9 ұпайымен басым түсті.