Қазақстандық режиссер А.Бектібаевтың «Теңіз қасқыры» атты қысқаметражды туындысы Ташкенттегі екінші халықаралық «Алтын қабылан» кинофорумында дипломмен марапатталды

Атымдағы жылы Еуропа, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Африка елдерінің 45-тен астам кинематографистері байқауға қатысуға өтініш білдірген болатын.
Жүлделер «Ең үздік анимациялық фильм», «Ең үздік қысқаметражды фильм», «Ең үздік еркек рөлі», «Ең үздік әйел рөлі», «Ең үздік режиссер», «Ең үздік толықметражды фильм» атаулары үшін берілді. Қазылар алқасын британдық режиссер Ник Пауэлл басқарды.
Конкурс қорытындысы бойынша қазақстандық режиссер А.Бектібаевтың «Теңіз қасқыры» атты қысқаметражды туындысы дипломмен марапатталды. Ал «Алтын қабылан» мүсіншесіне «Бес қысқаша тарих» деп аталатын ирандық кинематографистің туындысы ие болды.
Бұдан бөлек, «Ең үздік анимациялық фильм» аталымында хорваттық режиссер Велжко Поповичтің «Dove sei, amor mio» фильмі үздік деп танылса, үздік қысқаметражды фильм аталымында польшалық Феликс Фальканың «Иоанна» туындысы жеңімпаз болды. Ал «Ең үздік әйел рөлі» Урсула Грабовскаяға, «Ең үздік еркек рөлі» «Авэ» фильмінде басты рөлді сомдаған Аванэс Тарасянға бұйырды. Швейцарлық Роландо Колланың «Жазғы ойындар» киносы «Ең үздік режиссер» аталымының жеңімпазы атанды.