Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың кезекті фильмі түсірілуде

Оның кезекті фильмі «Аудандар» деп аталады. Картина желісі Сатаевтың алдыңғы фильмдерінен ауытқи қоймаған: сексенінші жылдардың соңы, Алматы, жас бозбала және қылмыстық әлем. «Дегенмен, бұл фильмнің де өзіне тән ерекшеліктері, жастарға тәлім берер түйіні бар», - дейді режиссер.
Фильмді түсіруде режиссер жаңа таланттар табуды, жаңа есімдер шығаруды мақсат еткен. Онда Әсел Сағатова, Жандос Айбасов, Жанна Қуанышева және Гүлнар Досматова сынды өнер майталмандарымен қатар, Шәріп Серік, Санұржан Сүлейменов, Нұржігіт Қалдыбеков секілді жаңа есімдер бой көрсетпек.
Түсірілім тобы 17 маусымда басталған жұмыстарын шілде айының соңында аяқтауды жоспарлап отыр. Картинаны «AstanаFilmFund» компаниясы «SataiFilm» және «KCG» студияларымен бірлесіп түсіруде.