Қазақстандық режиссер Э.Байғазиннің «Үйлесім сабақтары» фильмінің DVD нұсқасы шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ең жүлделі фильмдерінің бірі - Эмир Байғазиннің "Үйлесім сабақтары" ("Уроки гармонии") драмасының DVD нұсқасы шықты. Фильмнің лицензиялық дискісі "Меломан" дүкендерінде сатылып жатыр, деп хабарлайды kinostan.kz.
500 данамен шыққан DVD нұсқа Мәскеуде басылған екен. Әзірге сатылымдағы дискілер саны шектеулі.
"Үйлесім сабақтары" фильмінде 13 жасар оқушының өмірі суреттелген. Медициналық тексеру кезінде қазақ ауылында әжесімен бірге тұратын 13 жасар Асланды сыныптастарының алдында кемсітеді. Бұл оқиға оның іште бүгулі жатқан мінез-құлықтарының өршуіне алып келеді. Өзіне деген сенімсіздіктің салдарынан тазалық пен кемел болуға ұмтылады, төңірегіндегінің барлығын бақылауда ұстауға тырысады. Оның бұл компульсивтілігі ақырында күрделі жағдайларға алып келеді.