Қазақстандық режиссер Т.Бекмамбетовтың фильмінде ойнаған ресейлік актриса дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 90 жасқа қараған шағында Ресей Федерациясының халық әртісі Римма Маркова дүниеден өтті, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

"Ол ұзақ уақытқа созылған сырқатынан кейін Боткин ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды", - деді оның қызы Татьяна Маркова.

Римма Маркова 1925 жылы 3 наурызда дүниеге келген, түрлі киноларда 70 шақты рөлдерді сомдаған. Оның ішінде "Құлақтан кетпес үн" ("Вечный зов"), "Туыс" ("Родня"), "Покров қақпалары" ("Покровские ворота"), "Гардемариндер, алға" ("Гардемарины, вперед") атты фильмдер бар. Актрисаның соңғы рет қатысқан көркем фильмдердің қатарында танымал қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетовтың "Түнгі барлаушы" ("Ночной дозор") және "Күндізгі барлаушы" ("Дневной дозор") дилогияларын атауға болады. Бұл рөлдері үшін Р.Маркова екінші реттегі ең үздік актриса ретінде "Алтын қыран" аталымына ие болды. Римма Маркова РФ-ның халық әртісі атағын иеленген, IV дәрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін» орденімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар