Қазақстандық робототехниктер халықаралық чемпионаттан жүлделі оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық робототехниктер Венгрияда өткен WRO чемпионатының үздік үштігіне еніп, қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы белгілі жаттықтырушы Николай Авдюниннің жетекшілігімен WRO чемпионатында (World Robot Olympiad – Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үшінші орын алды.

NIS құрама командасы «Ақылды білім» секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі «Ziggurat» роботын таныстырды.

«Жобаның идеясы Талдықорған Зияткерлік мектебінен Даниил Филимоновке тиесілі, онымен бірге Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектеп оқушысы Любовь Дудченко және Талдықорғандағы NEXTROBOT орталығынан Элина Пак жұмыс істеді. Ал оларға робототехникадан Алматы облысы құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин жетекшілік етті. Финалда біздің балалар әлемнің 73 елінен келген 400-ден астам командамен кездесті», - дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов.

Венгриядағы жетістік – Николай Авдюнин оқушыларының WRO-дағы үшінші жеңісі. Бұған дейін Сочиден қола және Нью-Делиден алтын медаль алып келген болатын.

«Қазір әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, терең және жылдам өзгерістер кезеңіне қадам басты. Ол - ехнологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер. Жыл сайын біз оқушыларымыздың әлеуетін дамыту үшін жобалар жасаймыз, осылайша ақпараттық өндірісті жетілдіруге тырысамыз, ақпараттық өндіріс негізінде ел экономикасы жаңа деңгейге көтеріледі», – деп атап өтті Николай Авдюнин.

Айта кетсек, NIS-тің тағы үш - Көкшетау, Орал, елордадағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептер командасы Бүкіләлемдік олимпиаданың үздік ондығына кірді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram