Қазақстандық С. Мәдиев пен М. Акбаров голливудтық фильмге түсті

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Алматылықтар Санжар Мәдиев пен Максим Акбаров америкалық «Өлім періштелері» экшн-фильміне түсті.
None
None

 Киноның бас кейіпкері - арнайы жасақ отрядының командирі есірткі сатумен айналысатын бандамен айқасады. Соңында бұзақылар оның әйелін өлтіріп, баласын ұрлап кетеді. Жаужүрек сарбаз кейін өш ала бастайды, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Санжар Мәдиевтің кейіпкері сюжет бойынша бас кейіпкерге қарсыластарын жеңіп, өз мақсатына жетуге көмектеседі. Қазақстандық актердің сөзіне қарағанда, түсірілім кезінде ол «бас кейіпкер» - ресейлік актер Игорь Савочкинмен достасты.

Картина Лос-Анджелес пен Сан-Диегода түсірілген. Түсіру жұмыстары тәулігіне 20 сағатқа созылыпты. Ресей мен Қазақстан актерлерінен өзге «Өлім періштелері» фильміне голливудтық актер Арманд Ассанте мен «Қара киімділер-3» мен «Темір бетпердедегі адам» фильмдерінде ойнаған актерлер түсіпті.

«Менің кейіпкерім ауыр трюктер орындаған жоқ деп айтуға болады. Ал қашқында жүрген тұтқынды ойнаған Максим Акбаровқа оңай тиген жоқ. Оның түсірілімдері ауыр болды», -дейді Санжар Мәдиев.

Айта кетейік, қазақстандықтар аталмыш картинаны келесі жылдың қаңтар айында Алматы кинотеатрларынан көре алады.

Соңғы жаңалықтар