Қазақстандық сақтандыру компаниясы әлемдік болат өндіруші компанияға 1,929 мың долларлық сақтандыру төлемін жасады
АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстандық Еуразия сақтандыру компаниясы әлемдегі болат өндіруші Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының бірі POSCO Co. Ltd. -ға 1,929 мың АҚШ доллары көлемінде сақтандыру төлемін жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат сақтандыру компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сақтандыру компаниясы тұтынушысына компанияның жабдықтарының ақауына байланысты 2 бірдей сақтандыру төлемін жасаған.Оның біріншісінде сұйық металды тиеуші аударылған. Екінші оқиға - газ жарылуы салдарынан зауыт аумағында өрт шығып жабдықтарға зақым келген.