Қазақстандық сарбаз су астындағы бағдарлау бойынша Еуропа кубогы кезеңін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарулы күштердің сарбазы су астындағы бағдарлау бойынша Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Халықаралық жарыстар Германияның Зандерсдороф қаласында өтті. Оған 5 елден 65 спортшы қатысты.

Су астындағы бағдарлауда карта бойынша армия спортшысы Шахноза Құрбанова алтын медальды жеңіп алды. Төрт жүзушінің қатысуымен 200 метрлік эстафетада ол күміске ие болды.

Еуропа кубогының соңғы кезеңі 9-11 маусым аралығында Чехияда өтеді.

– Бұл су астындағы бағдарлау бойынша маусымдағы алғашқы жарыс. Менің оқушыларым өз мүмкіндіктерін толық көрсетті деп санаймын, – деді су астында жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валерий Васильев.

Айта кету керек, бұл армия спортшысының алғашқы жеңісі емес.

Баскетболдан спорт шеберіне кандидат, су астында жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Шахноза Құрбанова 2012 жылғы су астында бағдарлаудан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (Испания), 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ресей), 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Чехия).


Соңғы жаңалықтар