Қазақстандық сарбаздар «Дала қыраны» оқу-жаттығуына қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Дала қыраны - 2019» тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуын өткізу бойынша конференция өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу орталығының базасында Ұлыбритания, Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Тәжікстан және Түркия Қарулы Күштерінің, НАТО штаб-пәтері өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны - 2019» тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуын өткізу бойынша басты жоспарлы конференция өтті.

Конференция барысында тараптар әкімшілік, медициналық, тылдағы және әскери-теxникалық қамсыздандыру мәселелерін талқылады. Алты елдің әскери құрылымдары қатысатын оқу-жаттығу биыл маусымда Қазақстан Республикасында өтеді деп жоспарлануда.

Қазақстан Қарулы Күштерінен 120 әскери қызметші қатысады. Алдағы кездесу нәтижесінде оқу-жаттығуға дайындау бойынша әрі қарай жұмыстар жүргізу үшін жетекші құжатқа қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар