Қазақстандық «Сары мысық» фильмінің тұсаукесері Венецияда өтті

ЛИДО. ҚазАқпарат - Кеше 77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасының аясында қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» атты жаңа туындысының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық «Сары мысық» фильмінің тұсаукесері Венецияда өтті

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, картинаның тұсаукесеріне фильмнің режиссері, сондай-ақ продюсерлер Ольга Хлащева, Серік Әбішев, Гийом де Сиель мен Әсел Сәдуақасова және актерлер Санжар Мәди, Азамат Нығманов пен Камила Нұғманова қатысқан.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық киногерлер делегациясы 77-ші Халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысу үшін кәрі құрлыққа аман-есен жеткен еді.

Шара барысында «Сары мысық», «Мұқағали» және «Обучение Адемоки» жобалары дистрибьюторларға таныстырылып, келіссөз жүргізіледі.