Қазақстандық сайттарда бейтаныс тілдерде экстремистік аудиоконтент салыну проблемасы бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық сайттарда кейбір кездерде бізге бейтаныс тілдерде экстремистік аудиоконтент салынады. Бұл жайында Астанадағы Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференцияда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Талдау және ақпарат орталығы директорының бірінші орынбасары Ерлан Әлиев мәлім етті.

Қазақстандық сайттарда бейтаныс тілдерде экстремистік аудиоконтент салыну проблемасы бар

«Экстремистік контентті мониторингілеу бөлігіндегі жұмыс барысында қазақстандық сайттарда кейбір кездерде бізге бейтаныс тілдерде аудиоконтенттің салыну проблемасы туындайды. Менің ойымша, осындай контент тек қазақ тілінде Нигерияда немесе Кенияда салынуы мүмкін. Осы орайда олардың өкілетті органдары бұл экстремистік материал екенін бірден түсінбеуі ықтимал. Бұл тұрғыда әлемдік қоғамдастық экстремистік контенттің бірыңғай базасын құрғаны орынды болар деген ұсыныс бар. Кейіннен ол барша елдерде осындай контенттерге тосқауыл қойылып, жабылар еді»,-деді Е. Әлиев.

Оның сөзіне қарағанда, құқыққа қайшы ақпаратты шектеуге байланысты, оның ішінде экстремистік мазмұндағы ақпаратқа жол бермеу жұмыстарында құқықтық шаралармен және техникалық жолмен шектеу секілді екі бағыт бар.