Қазақстандық "SCAT» әуе компаниясының рейстеріне қызмет көрсету «Пулково-2» терминалына ауыстырылуда - Санкт-Петербор
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда қазақстандық "SCAT» әуе компаниясының рейстеріне қызмет көрсету «Пулково-1» терминалынан «Пулково- 2» терминалына ауыстырылуда. ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы «Пулково» әуежайының баспасөз қызметінен хабарлады.
Тамыздың 9-ынан бастап "SCAT» әуекомпаниясының Алматы және Ақтау бағытындағы рейстеріне «Пулково-2» терминалында қызмет көрсетілетін болады. Рейстердің ұшу және қону уақыттары өзгермейді.
Аталған рейстерді «Пулково-2» терминалына ауыстырудағы мақсат - жолаушыларға сервис пен жайлылықтың оңтайлы сапасын көрсету, дейді әуежай қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, "Пулково" әуежайы - жолаушылар ағыны бойынша Ресейдегі төртінші әуежай. «Пулково» әуежайының қызметін тұрақты негізде 31 шетелдік, 29 ресейлік және 11 ТМД елдерінің әуекомпаниялары пайдаланады.